«Балалар және театр» ұлттық жобасы аясында оқушылардың рухани-мәдени дамуын арттыру, сахна тілі мен актерлік қабілетін дамыту, театр өнеріне қызығушылығын ояту бағытында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар және театр» ұлттық жобасы аясында оқушылардың рухани-мәдени дамуын арттыру, сахна тілі мен актерлік қабілетін дамыту, театр өнеріне қызығушылығын ояту бағытында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
16
мамыр
2025

«Балалар және театр» ұлттық жобасы аясында оқушылардың рухани-мәдени дамуын арттыру, сахна тілі мен актерлік қабілетін дамыту, театр өнеріне қызығушылығын ояту бағытында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

2024-2025 оқу жылында №13 мектеп-гимназиясында «Балалар және театр» ұлттық жобасы аясында оқушылардың рухани-мәдени дамуын арттыру, сахна тілі мен актерлік қабілетін дамыту, театр өнеріне қызығушылығын ояту бағытында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
 «Апамның ертегілері» – қуыршақ театрынан үзінді
Оқушыларды рухани құндылықтарға баулу, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ауыз әдебиетіне қызығушылығын арттыру мақсатында мектепке арнайы шақырылған Бақыт апа балаларға ертегі әлемінен қызықты көріністер ұсынып, қуыршақ театры арқылы тағылымды тәрбие берді.
Шара барысында:Балаларға адалдық, ұқыптылық, отансүйгіштік, мейірімділік сынды қасиеттер көркем түрде насихатталды;Қуыршақ театры арқылы тәрбиелік мазмұндағы сахналық көріністер қойылды;Оқушылар ертегі әлеміне еніп, өз әсерлерімен бөлісті.
Театрдан алған әсер оқушылардың шығармашылыққа бейімділігін оятып, болашақта мектеп театры жұмысына қызығушылығын арттырды. Бұл іс-шара балалардың сахна мәдениетін түсінуіне, тыңдау, қабылдау, кейіпкерлерді саралау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
 Сонымен қатар, оқушылар қалалық театрларға да апарылып, кәсіби қойылымдарды тамашалау арқылы сахна өнеріне деген қызығушылықтарын тереңдете түсті.
Әлеуметтік желіге сілтеме : https://www.instagram.com/reel/DDzwsvgNpgO/?igsh=eG1yanRkZGphNjN1 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: