Мектеп туралы ақпарат
Мектеп жарғысы: «№13 мектеп-гимназия" комуналдық мемлекеттік мекемесі күні 18.04.2025 жылғы № 2/333 шешімімен бекітілген.
Мектеп жарғысы бойынша, мекеме жалпы білім беру мектептерінің 1-11 сыныптар базасында келесі деңгейлер бойынша ұйымдастырылады:
- Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
- Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
- Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
Оқу жылының, оқу аптасының ұзақтығы, демалыс мерзімі мен ұзақтығы Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
Оқушыларға 5 күндік оқу аптасы қарастырылған, сенбі күні қажеттілігінше үйірмелер мен факультативті сабақтар өткізіледі.
Қаржылық қамтамасыз ету: Мекеме ақылы қызмет көрсетеді
Аталған құжаттардан басқа мектеп өз жұмысында төмендегі ұйғарымдар,ережелерді басшылыққа алады:
Мектептің ішкі еңбек тәртібі ережесі;
сабақ кестесі;
Алматы қаласы Білім басқармасының басшысымен бекітілген істер номенкулатурасы;
Әкімшілік, мұғалімдер мен жұмысшылардың, педагог-психолог, әлеуметтік-педагог, лаборант, кітапхана меңгерушісі, бухгалтер,
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар;
Қызметкерлердің жеке құрамы бойынша бұйрықтар; Еңбек келісім шарты;
Еңбек кітапшасы;
Педагогикалық кеңес,әдістемелік кеңес, директор жанындағы кеңес, ата-аналар жиналысы мен материалдары.
Мектептің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының Ата заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектептің жарғысы және басқа құқықтық-нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асады.
2. Әкімшілік-басқару қызметкерлеріне талдау:
Есеналиева Мөлдір Камкабаевна–мектептің басқарушы директоры, педагог- зерттеуші. Педагогикалық еңбек өтілі 31 жыл, директорлық қызметте 2 жыл. 2023 жылғы 27 наурыздан бастап «Алматы қаласы Білім басқармасы» Коммуналдық мекмлекеттік мекемесінің 14.03.2023 жылғы №56/27.03.2023 шешімінің негізінде «№13 мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Басқарушы директор қызметіне тағайындалды. Есеналиева Молдир Камкабаевна – басшылық, жетекшілік, ұйымдастыру қабілетімен мектеп ұжымына білікті басшы болып отыр. «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбындағы «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы АҚ ПҚБАИ 80сағат. 22.04.2022ж.№0532907 атты курсты аяқап бітірді. «Инклюзивті білім беру ортасын құру бойынша тиімді менеджмент негіздері» «ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» қоғамдық қорынан 17.11.2023ж курсын оқып бітірді.
Алауова Гулжан Агабековна- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, жалпы еңбек өтілі 33 жыл, педагогикалық еңбек өтілі 33 жыл соның ішінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметіндегі еңбек өтілі 13 жыл. Директордың бірінші санатты оқу ісінің орынбасары. «Білім берудегі менеджмент» «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы АҚ80 сағат.28.08-08.09.2023ж курсын аяқтады.
Еріш Жарқынай Оңалбекқызы- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, жалпы еңбек өтілі 29 жыл 8 ай педагогикалық еңбек өтілі 30жыл, 8ай соның ішінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметіндегі еңбек өтілі 13 жыл. Директордың бірінші санатты оқу ісінің орынбасары. «Білім берудегі менеджмент» «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы АҚ80сағат.28.08-08.09.2023ж курсын аяқтады.
Борибаева Маржан Булатовна- директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, жалпы еңбек өтілі 32 жыл, педагогикалық еңбек өтілі 32жыл, соның ішінде директордың бейіндік оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметіндегі еңбек өтілі 7 жыл. Директордың бірінші санатты оқу ісінің орынбасары. «Білім берудегі менеджмент» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру» тақырыбы бойынша 80академиялық сағат көлемінде ПШО орталығынан курстан өтті.
Төленбаева Ұлданай Әлімғазықызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы. Жалпы еңбек өтілі 10 жыл, педагогикалық еңбек өтілі-10 , соның ішінде директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіндегі еңбек өтілі 1 жыл. «Тәрбие жұмысының менеджмент» «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы АҚ80сағат. 30.09-11.10.2024ж
Мустахимов Мақсат Асқарұлы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог. Жалпы еңбек өтілі 9 жыл. педагогикалық еңбек өтілі-9жыл, соның ішінде директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіндегі еңбек өтілі 1 жыл. «Тәрбие жұмысының менеджмент» «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы АҚ80сағат. 30.09-11.10.2024ж
Басшы орынбасарының бірінші біліктілік санаты-3
Басшы орынбасарының екінші біліктілік санаты-0
Педагог қызметкерлердің жеке іс қағаздары талаптарға сәйкес рәсімделеді (фотосуреті бар, жеке парақ, өмірбаян, диплом мен дипломға қосымшаның көшірмесі, жеке өтініші бар, жеке еңбек шарты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі). карточкасы, ЖСН, біліктілігін арттыру туралы сертификаттар) Барлық еңбек кітапшалары, қосымша жұмыс атқарушылардың (совместители) құжаттарының көшірмелері, ӘБ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары, штат кестесі бар. Барлық мектеп қызметкерлері қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өтеді.
Қызметкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен (өзгерістер енгізу туралы 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338) «Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» және мектептің ішкі тәртібі ережесіне сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерімен таныс.
Мектептің барлық қызметкерлері еңбек және орындау тәртібін сақтайды, салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырылған.
«Педагог мәртебесі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарын іске асыру аясында педагогтің жүктемесі сағатқа дейін төмендетілді.Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу барысында 2022-2023 оқу жылында бұл бұйрық жүзеге асырылды. 16 сағаттан төмен ставка педагогтерде болған жоқ. Мектептің оқу жоспарына және сынып комплектісінің санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттары есептелді. Қазақ тілі, ағылшын тілі, информатика пәндерін топтарға бөлу сыныптағы білім алушылардың санына қарай жүргізілді. Әрбір педагогтің апталық оқу жүктемесі жұмыс оқу жоспарында белгіленген инварианттық, вариативтік бөлімдермен сәйкес келеді.
Ұжым мүшелері оқушыларға жаңартылған іс-тәжірибемен білім мен тәрбие бере отырып, өз білімдерін, шығармашылықтарын дамытуға да көңіл бөледі деуге болады.
Жалпы мұғалімдердің саны:
Педагог кадрлардың сапалық құрамы Нормативтік-құқықтық базаға сәйкес келеді, бұл оқу-тәрбие үдерісін тиімді жүзеге асыруға, педагогикалық шығармашылықты дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндік береді.
2024-2025 жыл -79 мұғалім.
Педагог қызметкерлердің білім деңгейі 3 жыл ішінде жоғары білімі бар педагогтардың 100% болуымен сипатталады.
2024-2025 оқу жылдарында мектеп қажетті педагог кадрлармен толықтырылды. Педагог кадрлардың оқу жүктемесі заңнамалық нормаларға және педагогтардың сұраныстарына сәйкес келді.
2024-2025 оқу жылы мектепте барлығы 79 мұғалім болды Соның ішінде: 2 психолог, 1логопед, 2арнайы педагог, 1дефектолог. Жоғары білімді мұғалім – 79 (100%).
2024-2025 оқу жылында 79 мұғалімнің педагог-зерттеуші-28 (2,9%), педагог-сарапшы-6 (8%), педагог-модератор–18 (22,8%), педагог-шебер–2, (2,38%), педагог-24 (30,3%), жоғары-1
Педагогтардың көбінің бай педагогикалық тәжірибесі бар. 2024 жылғы 1 қыркүйекте 20жылдан аса еңбек өтілімен 28 мұғалім болды (%), 17 жылдан 20 жылға дейінгі еңбек өтілімен 8 педагог болды (%), 6 педагогтың 10 жылдан 15 жылға дейінгі еңбек өтілі болды (%), 6-9 жылғы дейін 9 педагог ( %),3 жылдан 5 жылға дейін еңбек өтіліме–9 адам болды (%) және 19мұғалімнің 3 жылға дейінгі еңбек өтілі болды (%).
Педагог мамандардың жас ерекшелігіне қарай құрамы:
Оқу жылы | 20-30 жас | 31-40 жас | 41-50 жас | 51-60 жас | 60-70 жас |
2024-2025 | 29 | 11 | 12 | 17 | 10 |
Мұғалімдер саны | Жоғары білімді | Арнаулы орта білім | Магистранттар саны | |
2024-2025 | 79 | 79 | 0 | 18 |
Барлық құжаттар ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы №192 бұйрығымен бекітілген, Педагог мамандарды аттестатау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Оқу жылы | Педагог | Педагог-модератор | Педагог сарапшы | Педагог зерттеуші | Педагог шебер | Жоғары санат | Санаты жоқ |
2024-2025 | 24 | 18 | 6 | 28 | 2 | 1 | 0 |
Бастауыш сыныптар бойынша барлығы 13 мұғалім бар
Оқу жылы | Педагог | Педагог-модератор | Педагог сарапшы | Педагог зерттеуші | Педагог шебер | Санаты жоқ |
2024-2025 | 3 | 2 | 2 | 6 | 0 | 0 |
5-11сыныптар бойынша барлығы 66 мұғалім сабақ береді
Оқу жылы | Педагог | Педагог-модератор | Педагог сарапшы | Педагог зерттеуші | Педагог шебер | Жоғары санат | Санаты жоқ |
2024-2025 | 21 | 16 | 4 | 22 | 2 | 1 | 0 |
2024-2025 оқу жылы 812 оқушы бітіріп шықты, 2-11 сыныптар бойынша білім сапасы-77,5%. Үлгерімі-100%
2024– 2025 оқу жылындағы білім сапасы мен қорытындысы. Жылдық үлгерім есебі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Еріш Ж.О.
5-сыныптарда-75 оқушы, білім сапасы-76,0%. Үлгерімі-100%
6-сыныптарда-76 оқушы, білім сапасы-61,8%. Үлгерімі-100%
7-сыныптарда-74 оқушы, білім сапасы-64,9%. Үлгерімі-100%
8-сыныптарда-73 оқушы, білім сапасы-56,2%. Үлгерімі-100%
10-сыныптарда-51 оқушы, білім сапасы-66,7%. Үлгерімі-100%
Жылдық білім сапа қорытындысы мен мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша «Үздік аттестат» иегерлері болған төмендегі оқушылар:
9«А» сынып оқушылары: Жұмабек Айғаным, Жұмақан Аяжан
9«Ә» сынып оқушылары: Али Аруна, Арқалық Інжу, Бейсен Нұрай, Бауыржанұлы Нұркен, Қожахметов Жәнібек 9«Б» сынып оқушылары: Айтқұл Ұлжан, Коканд Нұрай, Мұхан Раййан
9«В» сынып оқушысы:Азақ Нұрмухаммед
11жылдық білім сапа қорытындысы мен мемлекеттік емтихан қорытындысы, Алматы қаласы БББ хаттамасына сәйкес «Алтын белгі» иегерлері болған төмендегі оқушылар: 11 «Ә» сынып оқушылары Аканова Марал Қайрат Алтынай
11 «Б»сынып оқушылары Жұмағали Фатима Сырымова Сымбат
«Үздік аттестат» иегерлері: 11 «Ә»сынып оқушылары:Бауржанқызы Аянат, Бектембаев Жәнібек.