Бос орынға конкурс жариялау » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға конкурс жариялау
13
ақпан
2023

Бос орынға конкурс жариялау

Хабарландыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «№13 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 13 ақпан 27 ақпан аралығында мына қызмет бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:
•Тәлімгер
• Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды жолдайды:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды жолдау қажет:
электронды түрде е-mail: school13_11mkr@mail.ru
қағаз түрінде мына мекенжайға: Алматы қ., 11 ықшам ауданы, №36 үй, «№13 мектеп-гимназиясы» КММ, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс: 13.00-14.00), «Қабылдау бөлмесі».
Құжаттар 2023 жылғы 13 ақпаннан басталып, 2023 жылғы 27 ақпанда аяқталады.
Байланыс телефоны.: 8 (727) 303-45-77 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: