№13 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ұлы Жеңіске – 80 жыл: өнермен өрілген тағзым» тақырыбындағы шығармашылық концерт өтті. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №13 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ұлы Жеңіске – 80 жыл: өнермен өрілген тағзым» тақырыбындағы шығармашылық концерт өтті.
21
мамыр
2025

№13 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ұлы Жеңіске – 80 жыл: өнермен өрілген тағзым» тақырыбындағы шығармашылық концерт өтті.

2025 жылғы 21 мамырда Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ұлы Жеңіске – 80 жыл: өнермен өрілген тағзым» тақырыбындағы шығармашылық концерт өтті. Бұл концерт – оқушылардың жыл бойғы өнері мен шығармашылық еңбегінің қорытындысы ретінде ұйымдастырылған маңызды мәдени шара болды.

Іс-шараны мектеп директоры Есеналиева М.К. ашып, ата-аналарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, мектептің психолог мамандары Өмірзақова А. және Шатырова А. ата-аналар мен оқушыларға арналған психологиялық тренингтер өткізіп, мерекелік кештің мазмұнын байыта түсті.

Концерттік бағдарлама барысында оқушылар патриоттық рухтағы «Журавли», «Әлия», «Кукушка» әндерін орындап, ұлттық аспап — домбырамен күй тартып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сондай-ақ, ата-аналар назарына «Жусан иісі» атты театрландырылған көрініс ұсынылды. Бұл қойылым соғыстан кейінгі қазақ халқының қиын тағдырын және туған жерге деген сағынышын көркем тілмен жеткізіп, көрермендердің жүрегінен орын алды.

Мәдени шара ата-аналар мен оқушылар арасындағы рухани байланысты нығайтып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи жадыны сақтау қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.


Әлеуметтік желіге сілтеме:https://www.instagram.com/reel/DJ_AcysMFI3/?igsh=aTVlOTIxZDl6bHBk

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: