25
сәуір
2025
«Асығың алшысынан түссін!» атты ұлттық ойын ұйымдастырылды.
«Асығың алшысынан түссін!» атты ұлттық ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстыру, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың ептілік, шапшаңдық, мергендік сияқты қабілеттерін дамыту болды.Оқушылар асық ату, арқан тарту, ханталапай, тұмақ қуу, қол күрес сияқты ұлттық ойын түрлерінен сынға түсті. Балалар үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Ұлттық ойындар — халықтың рухани мұрасы, ал оны насихаттау арқылы біз жас буынға ұлттық тәрбие беріп, салт-дәстүрімізді жаңғыртамыз. Іс-шара барысында оқушылар бірлік пен достықтың, әділ бәсекенің, жеңіске деген ұмтылыстың маңызын сезінді.


