Театр – ұлттың ұйытқысы » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ақпан
2024

Театр – ұлттың ұйытқысы

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы.Адам театрға дем алу үшін, жан дүниесін тазарту үшін, рухани тебіреністі сезіну үшін барады. Оқушылардың ойын сергітіп, рухани адамгершілікке баулу үшін мектебіміздің драма жетекшісі Досанов Рамазанның ұйымдастырумен мектеп директоры Есеналиева Мөлдір Қамқабайқызы және Мектеп парламенті Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып қайтты. Аталмыш театрда “Қара шекпен” қойылымы қойылды. Балалар ерекше әсерлерін мектепке келіп басқа оқушыларға жеткізді. Театрға, өнерге деген құлшыныстары артып, тағы да баруымызды өтінген болатын.
[media=https://youtube.com/shorts/djb9cuaoI6U]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: