18 сәуірде Музей күніне орай №13 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан орталық мемлекеттік музейіне танымдық саяхатқа барды. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18 сәуірде Музей күніне орай №13 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан орталық мемлекеттік музейіне танымдық саяхатқа барды.
18
сәуір
2025

18 сәуірде Музей күніне орай №13 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан орталық мемлекеттік музейіне танымдық саяхатқа барды.


2025 жылғы 18 сәуірде Музей күніне орай №13 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан орталық мемлекеттік музейіне танымдық саяхатқа барды. Саяхатқа мектеп тәлімгері  Халмұрадова Гүлшат апай жетекшілік етті.
Тәлімгер Гүлшат апай оқушыларға музейдің тарихи маңыздылығы туралы айтып, әрбір экспонаттың еліміздің бай мәдениеті мен дәстүрлері туралы терең мағлұмат беретінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол музейге келу арқылы балалардың тарихи санасы артып, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметі нығая түсетініне сенім білдірді.
Оқушылар музейде қазақ халқының ежелгі дәстүрлері, ұлы тұлғалары және еліміздің тарихи кезеңдері туралы қызықты мәліметтер алды. Танымдық сапар барысында олар сұрақтар қойып, белсенділік танытты, бұл олардың білімге деген ынтасын арттырды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, патриоттық тәрбиені дамытуда маңызды рөл атқарады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: