30
қаңтар
2025
«Қыз баланың тәртібі: тәрбиенің негізі» тақырыбында мектебімізде қыздар жиналысы өтті.
Бүгінгі жиналыста «Қыз баланың тәртібі: тәрбиенің негізі» тақырыбы аясында маңызды мәселелер қарастырылды. Қыз баланың тәрбиесі, оның мінез-құлқы, әдептілігі мен білімге деген жауапкершілігі – болашақтағы жетістігінің басты кепілі екендігі баса айтылды. Жиын барысында оқушы қыздардың мектептегі тәртібі, үлкендермен қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстау мәдениеті және жалпы адамгершілік қағидалары кеңінен талқыланды.
Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тәртіп пен жауапкершіліктің көрінісі болып табылатыны түсіндірілді. Әрбір оқушы бекітілген киім үлгісін сақтауға міндетті екендігі ескертілді. Сонымен қатар, тәртіп – тек сыртқы келбетке емес, адамның ішкі мәдениеті мен рухани дамуына да тікелей байланысты екендігі айтылды.
Жиналыс барысында қыз баланың бойында әдептілік, сыпайылық, жауапкершілік және тәртіпке бағыну сынды қасиеттердің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Білім алуға деген ұмтылыс пен оқу үлгерімінің сапасы – оқушының болашақтағы табысты өмірінің маңызды факторы екендігі түсіндірілді. Сонымен бірге, мектеп дәрігері оқушылардың денсаулығы мен жеке тазалығы туралы баяндама жасап, өз кеңестерін берді.
Жиынға мектеп басшысы Есеналиева М.К., директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп дәрігері, сынып жетекшілер және оқушы қыздар қатысты. Жиналыс қорытындысы бойынша оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, өзін-өзі дамыту, үлкендерді құрметтеу және білім алуға жауапкершілікпен қарау қажеттілігі жөнінде нұсқаулықтар берілді. Барлық оқушыларға мектеп формасының талаптарын орындау, тәртіпті болу және сапалы білім алуға ұмтылу міндеттелді.
#біртұтастәрбие