Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы
31
наурыз
2022

Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы



ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.

Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.

Бірінші сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Құрметті ата-аналар!
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Қабылдау https://egov.kz/ сайтына тіркелу арқылы жүзеге асырылады.
Ата- аналарға (немесе баланың заңды өкілдеріне) баланы тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Өтініш
2 дана 3х4 фото
Денсаулық паспорты (№026/у-3 нысаны, №063/у) нысандары бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы, (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі)
Құжаттар №13 мектеп- гимназиясының «қабылдау бөлмесінде» қабылданады.
Ескерту:
1.Үй жағдайында https://egov.kz/ сайтына өтініш беріп тіркелуге болады.
2. Сайтқа жүгінген кезде ата-анасы немесе баланың заңды өкілдерінің жеке басын анықтайтын құжат болуы міндетті және тіркелу үшін ата-ананың ЭЦП кілті болуы қажет.
3.Тіркеуге байланысты қиындық туындаған жағдайда мектепке келіп, тіркелуге болады
4.Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырулары қажет.
Мектеп мекенжайы: 11 ықшамаудан 36 үй, тел:303-45-77

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: