05
наурыз
2025
«Шабыт» жобасының аясында ұйымдастырылған «Анамның ыстық алақаны» челленджі
Наурыз айында «Шабыт» жобасының аясында ұйымдастырылған «Анамның ыстық алақаны» челленджіне №13 мектеп-гимназиясының барлық сынып оқушылары белсене қатысты. Бұл челлендж оқушыларға аналарға деген шынайы құрмет пен махаббаттарын білдіруге мүмкіндік берді. Оқушылар өздерінің жылы лебіздері мен ізгі ниеттерін аналарымызға арнап, шынайы алғыс сөздерін айтты. Челлендж аясында оқушылар аналарға арналған жүрекжарды хаттар мен видеолар дайындап, өздерінің қолдауын білдірді. Бұл іс-шара оқушылардың анаға деген құрметін арттырып, олардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға үлкен үлес қосты. Челлендж аналарымыздың жүрегіне қуаныш ұялатып, олардың мерейін өсірді.