31
қаңтар
2025
10 күнге созылған Сынып жетекшілер апталығының жабылу рәсімі.
№13 мектеп-гимназиясында 10 күнге созылған Сынып жетекшілер апталығы өз мәресіне жетті. Апталық барысында сынып жетекшілері оқушылардың тәрбие, білім, мәдениет және тұлғалық даму бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Түрлі ашық сынып сағаттары, тәрбиелік шаралар, танымдық кездесулер және шығармашылық жұмыстар өткізілді. Жабылу рәсімінде белсенді қатысқан ұстаздар мен оқушылар марапатталып, атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Бұл апталық сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттырып, оқушылармен тиімді жұмыс жүргізудің жаңа әдістерін талқылауға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, осындай игі бастамалар жалғасын табады деп сенеміз!
Әлеуметтік желіге жарияланды.
https://www.instagram.com/reel/DFmZ0fPNFEy/?igsh=eGwxZHQzZ3h3b3pn
#біртұтас_тәрбие @edu.almaty @auezovpoo_ #сыныпжетекшілер