«Цифрлық білім кітапты алмастыра ала ма?» тақырыбында пікірталас өтті. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық білім кітапты алмастыра ала ма?» тақырыбында пікірталас өтті.
31
қаңтар
2025

«Цифрлық білім кітапты алмастыра ала ма?» тақырыбында пікірталас өтті.







№13 мектеп-гимназиясында 9-сыныптар арасында «Цифрлық білім кітапты алмастыра ала ма?» тақырыбында пікірталас өтті. Дебат барысында оқушылар цифрлық білімнің заманауи мүмкіндіктері мен дәстүрлі кітаптың білім берудегі орны туралы өз ойларын ортаға салды.  

  Қатысушылар цифрлық білімнің қолжетімділігі мен тиімділігін атап өтсе, қарсы тарап кітаптың есте сақтау қабілетін дамытудағы және терең білім берудегі маңызын қорғады. Пікірталас нәтижесінде екі жақтың да ұстанымдары өзара толықтырып, технология мен дәстүрлі оқулықтардың қатар дамуы маңызды деген тұжырым жасалды. Болашақта технология кітапты мүлдем ығыстырып тастай ма, әлде қатар өмір сүре ме – бұл уақыт еншісінде.Ең бастысы, қандай құралды қолдансақ та, білім сапасы мен оның адам өміріне әсері маңызды.
 
  Бұл шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып, өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғауға мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: