«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырау мен бітіру
2025 жылғы мамыр айында Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырау мен бітіру кеші өтті. Бұл – мектеп бітіруші түлектер үшін балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше әрі толқынысқа толы күн болды. Салтанатты шараны мектеп директоры ашып, түлектерге жылы лебізін білдіріп, алдағы өмір жолында табыс тіледі. Шара барысында дәстүрлі түрде 11-сынып оқушылары 10-сыныптарға мектеп кілтін табыстап, ұрпақтар сабақтастығының