«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырау мен бітіру кеші өтті. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырау мен бітіру кеші өтті.
24
мамыр
2025

«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырау мен бітіру кеші өтті.

2025 жылғы мамыр айында Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында соңғы қоңырау мен бітіру кеші өтті. Бұл – мектеп бітіруші түлектер үшін балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше әрі толқынысқа толы күн болды. Салтанатты шараны мектеп директоры ашып, түлектерге жылы лебізін білдіріп, алдағы өмір жолында табыс тіледі. Шара барысында дәстүрлі түрде 11-сынып оқушылары 10-сыныптарға мектеп кілтін табыстап, ұрпақтар сабақтастығының жалғастығы көрсетілді.Соңғы қоңырау ерекше әсермен соғылып, барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Кеште түлектер ұстаздарына, ата-аналарына алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін айтты. Іс-шара оқушылардың мектепке деген сағынышын, алдағы өмірге деген үмітін айқын бейнеледі.
Бұл күн – әрбір түлек пен ұстаздың жүрегінде жарқын естелік ретінде сақталатыны сөзсіз.
 Сәт сапар, жас түлек – 2025!

https://www.instagram.com/reel/DKCchSgtx7q/?igsh=bmxpZjIwZ3Nrcm4= 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: