Наурызнама онкүндігіне орай мектеп әкімшілігі мен оқушылар біріге отырып, мектеп аумағында сенбілік ұйымдастырды.
Наурызнама онкүндігіне орай мектеп әкімшілігі мен оқушылар біріге отырып, мектеп аумағында сенбілік ұйымдастырды. Бұл іс-шараның мақсаты – мектептің ішкі және сыртқы аумақтарын таза ұстау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу және мектеп ұжымының бірлігін нығайту болды.
Сенбілік барысында оқушылар мен мұғалімдер өз күштерімен мектеп ауласын тазалап, ағаштар мен гүлдер отырғызды, көгалдарды күтіп-баптады. Әр сынып өзіне бөлінген аумақты жинастырып, қоқыстарды жинады. Сонымен қата
р, оқушылар мектеп ғимаратының маңайын таза ұстау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы пікірлер айтып, экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында жұмыс істеді.Бұл сенбілік мектеп оқушыларының қоғамдық жауапкершілігін қалыптастырып, бірігіп жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Мектеп әкімшілігі мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мереке – Наурызға деген құрметті арттыруға зор үлес қосты. Сенбіліктің қорытындысы бойынша мектеп аумағы таза әрі көрікті болып, оқушылардың табиғатқа деген көзқарасы өзгерді.