«Біз таза қала үшін» челленджі » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз таза қала үшін» челленджі
17
наурыз
2025

«Біз таза қала үшін» челленджі

Наурызнама онкүндігі аясында – Қайырымдылық күні

Наурыз – тек жаңару мен көктемнің мерекесі ғана емес, сондай-ақ ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын дәріптейтін ерекше кезең. Бүгінгі Қайырымдылық күні – игі істер дәстүрін тарату мен қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. 

Әділетті, таза, қауіпсіз, қуатты ел болу үшін әрбіріміз белсенді болып, өз үлесімізді қосуымыз маңызды. Ал ұрпағымызға берер басты құндылық – отаншылдық, білімділік және жасампаздық. 

Осындай игі бастамалардың бірі – ”Таза Қазақстан” экологиялық челленджі. Бұл челленджді Әуезов ауданы (@auezovpoo_ ) №13 мектеп-гимназиясы жалғастырды. Акция қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Әр азамат табиғатты қорғауға өз үлесін қосу арқылы болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруға ықпал етті. 

Табиғатты аялау – өз еліңе деген қамқорлықтың бір көрінісі! https://www.instagram.com/reel/DHSjinxt439/?igsh=MWVrMzJwdm14djlhOA== 

#біртұтастәрбие #біртұтас_тәрбие #насмногогорододин #алматынашобщийдом #алматыбіздіңортақүйіміз #13мектепгимназия #ауезовскийрайон

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: