Әуезов ауданы «DODGEBALL» жарысынан 2-ші орын алды! » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әуезов ауданы «DODGEBALL» жарысынан 2-ші орын алды!
11
наурыз
2025

Әуезов ауданы «DODGEBALL» жарысынан 2-ші орын алды!

Әуезов ауданы «DODGEBALL» жарысынан 2-ші орын алды!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «DODGEBALL» жарысының қалалық кезеңі №210 мектеп-лицейінің базасында өтті. Алматы қаласының жалпы білім беру ұйымдарының әйел мұғалімдері арасында өткен жарысқа 8 ауданнан 80-нен аса ұстаз қатысып, өз бақтарын сынады.

Ауэзов ауданының командасын мектебіміздің мұғалімі Рахматуллаева Қ.Н басқарды. Сонымен қатар, мектебімізден 3 мұғалім құрама командада ойнады. Бұл сайыс тек спорттық бәсеке ғана емес, ұжымдық рух пен ынтымақтың көрінісі болды.

Әуезов ауданы екінші орынға ие болды, бұл – ұжымдық жұмыстың, ортақ күш-жігер мен ынтымақтастықтың арқасында жеткен жетістік. Мектебіміздің спортшыларын шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жеңіс біз үшін үлкен мақтаныш, өйткені мұндай іс-шаралар ұжымдағы бірлікті нығайтып, әр мұғалімнің әлеуетін ашуға және жеңіске деген құлшынысын арттыруға мүмкіндік береді. Әріптестеріміздің жетістіктері – біз үшін жарқын үлгі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: