Құрметті N13 мектеп-гимназия ұжымы! Сіздерді Оқу-ағарту министрлігінің атынан төл мерекеміз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті N13 мектеп-гимназия ұжымы! Сіздерді Оқу-ағарту министрлігінің атынан төл мерекеміз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
06
қазан
2023

Құрметті N13 мектеп-гимназия ұжымы! Сіздерді Оқу-ағарту министрлігінің атынан төл мерекеміз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті N13 мектеп-гимназия ұжымы!

Сіздерді Оқу-ағарту министрлігінің атынан төл мерекеміз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл педагогтердің кәсіби мейрамы ресми түрде бекітіліп, Халықаралық мұғалімдер күніне сәйкес 5 қазанға белгіленді. Ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі мен ағартушылық қызметі әрқашанда құрметке ие. Ұстаз - мектептің жүрегі. Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға. Сондықтан Мағжан Жұмабаев айтқандай: "Алты алаштың басы қосылса - төр мұғалімдікі" болуы тиіс.

Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында педагогтердің мәртебесі туралы заң қабылданды. Бүгінде білім мазмұнын жетілдіру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, инфрақұрылымды жаңарту, балалардың қауіпсіздігін күшейту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, елі мен жерін сүйетін, ұлтқа қызмет ететін адал азамат ретінде қалыптастыру - баршамызға жүктелген үлкен міндет.

Қадірлі әріптестер!

Еліміздегі білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Ел игілігі жолындағы ізденістеріңіз таусылмай, шығармашылық шабытқа, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!

Құрметпен,
Министр Ғани Бейсембаев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: