01
мамыр
2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында жеңіс бұрышы ұйымдастырылды.
2025 жылы мамыр айында мектеп-гимназиямызда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында жеңіс бұрышы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға соғыс тарихын, батырлардың ерлігін насихаттау және отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу болды.
Жеңіс бұрышында жеңіс туралы деректер, фотоматериалдар, батырлар туралы кітаптар қойылып, оқушылардың тарихи танымын кеңейтуге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, әскери-тарихи тақырыпқа арналған шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара оқушылар арасында патриоттық рухты нығайтып, Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуға ықпал етті.
Әлеуметтік желіге жарияланды:https://www.instagram.com/reel/DJlP4natutQ/?igsh=NTBuc2pnY29uM21v
#біртұтастәрбие #біртұтас_тәрбие #ауезовскийрайон #алматынашобщийдом #біртұтас_тәрбие_алматы #13мектепгимназия @auezovpoo_