28
ақпан
2025
Мектебімізде «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым – Ұрпаққа үлгі» атты патриоттық іс-шара өтті.
2025 жыл
дың 28 ақпан күні №13 мектеп-гимназиясында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым – Ұрпаққа үлгі» атты патриоттық іс-шара өтті.Оған мектеп ұжымы, оқушылар және Ауған соғысының ардагері, №682 мотоатқыштар полкінің снайпері Әбілқасымов Егемберді Дайырбекұлы, сондай-ақ Германиядағы Кеңес әскері мен Варшава келісімі құрамында болған ардагерлер Батырбаев Талғат Төлебаевич пен Каржауов Файзулла Нуруллаевич қатысты. Ардагерлер жауынгерлік естеліктерімен бөлісіп, жастарды отансүйгіштікке шақырды.
Оқушылар патриоттық әндер орындап, көркемсөз оқып, тарихи көріністер қойды. Сонымен қатар, «Ер Тұран», «майданнан келген хат» қойлымы, «Әлия» әні, «Катюша» биі көрермен назарына ұсынылды. Әскери дайындық пәні мұғалімімен бірге автомат құрастыру және оны шашып-жинау бойынша шеберлік көрсетілді.
Шара соңында мектеп директоры Мөлдір Камкабайқызы қонақтарға алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.
Әлеуметтік желіге жарияланды
https://www.instagram.com/reel/DGp-KABN3pU/?igsh=bWJmbHJ3NXJqcHl2
дың 28 ақпан күні №13 мектеп-гимназиясында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым – Ұрпаққа үлгі» атты патриоттық іс-шара өтті.Оған мектеп ұжымы, оқушылар және Ауған соғысының ардагері, №682 мотоатқыштар полкінің снайпері Әбілқасымов Егемберді Дайырбекұлы, сондай-ақ Германиядағы Кеңес әскері мен Варшава келісімі құрамында болған ардагерлер Батырбаев Талғат Төлебаевич пен Каржауов Файзулла Нуруллаевич қатысты. Ардагерлер жауынгерлік естеліктерімен бөлісіп, жастарды отансүйгіштікке шақырды.Оқушылар патриоттық әндер орындап, көркемсөз оқып, тарихи көріністер қойды. Сонымен қатар, «Ер Тұран», «майданнан келген хат» қойлымы, «Әлия» әні, «Катюша» биі көрермен назарына ұсынылды. Әскери дайындық пәні мұғалімімен бірге автомат құрастыру және оны шашып-жинау бойынша шеберлік көрсетілді.
Шара соңында мектеп директоры Мөлдір Камкабайқызы қонақтарға алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.
Әлеуметтік желіге жарияланды
https://www.instagram.com/reel/DGp-KABN3pU/?igsh=bWJmbHJ3NXJqcHl2