Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылды. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылды.
06
мамыр
2025

Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылды.

2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылды.

Іс-шараға 10-сыныптың 50 оқушысы қатысып, сап түзеп салтанатты парад жасап, патриоттық әндер шырқады. Бұл көрініс көрермендерге ерекше рух пен әсер сыйлады.

Шерудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, ерлік пен елжандылық қасиеттерін сіңіру, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр бабаларымызға құрмет білдіру болды.

Бұл тағылымды шара оқушылардың тарихи сана-сезімін арттырып, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін тереңдетуге ықпал етті.
 Жеңіс рухы – жүректе, батырлар ерлігі – жадымызда!


Әлеуметтік желіге жарияланды: https://www.instagram.com/reel/DKJT6YoMxNM/?igsh=djB4MDJ4dzJ3dDN3 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: