14
мамыр
2025
15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай мектеп-гимназиямыздың оқушылары «Анамның аялы алақаны» республикалық челленджіне қатысты.
2025 жылғы 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясының оқушылары «Анамның аялы
алақаны» республикалық челленджі аясында «Анамның қолы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Челлендждің мақсаты – оқушыларды отбасы құндылықтарын қадірлеуге, ананың мейірімі мен қамқорлығын бағалауға тәрбиелеу. «Анамның қолы» — бұл тек қарапайым бейне емес, бұл ана махаббатының, жылулығының, еңбегі мен шексіз қамқорлығының символы.
Оқушылар өз суреттері мен шығармашылық туындылары арқылы ана алақанының мейірімін, баланы әлдилеп өсірген қамқорлығын бейнеледі. Әрбір жұмыс – баланың жүрек түбінен шыққан алғысы мен сүйіспеншілігінің көрінісі.
Бұл бастама оқушылардың бойында анаға деген құрмет пен махаббатты арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға сеп болды.

алақаны» республикалық челленджі аясында «Анамның қолы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынды.Челлендждің мақсаты – оқушыларды отбасы құндылықтарын қадірлеуге, ананың мейірімі мен қамқорлығын бағалауға тәрбиелеу. «Анамның қолы» — бұл тек қарапайым бейне емес, бұл ана махаббатының, жылулығының, еңбегі мен шексіз қамқорлығының символы.