08
мамыр
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерттік іс-шара өтті.
2025 жылғы 9 мамыр — Жеңіс күніне орай Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған рухты концерт ұйымдастырылды. Бұл мәдени шара – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты тәрбиелеу, тарихты құрметтеу және соғыс ардагерлерінің ерлігіне тағзым ету мақсатында өткізілді.Іс-шара барысында мектеп оқушылары соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты сахналық көріністер арқылы бейнелеп, жүрек тебірентер патриоттық әндер мен жырлар орындады. Әсіресе, Волоколомск тас жолындағы шайқасты бейнелейтін қойылым, сондай-ақ «Катюша», «Журавли», «Әлия» әндері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Бұл — жай концерт емес, бұл — тарихқа тағзым, болашақ ұрпаққа аманат!
Мектеп ұжымы мен оқушылардың ұйымшылдығы мен шығармашылығы бейбіт өмірдің құндылығын тағы бір мәрте ұғындырды.
Бейбіт өмір – ерліктің жемісі, ұрпақтың жадына мәңгі сақталуы тиіс.