«Зерек» дебат клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зерек» дебат клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
17
наурыз
2025

«Зерек» дебат клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Ай сайын мектебіміздің «Зерек» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат ,дөңгелек үстел өтіп тұрады.Нарыз айында ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің тақырыбы «Жаңа Қазақстанды құрудың механизмдерін ұсынады» болды. Іс-шарада болашақ бағдарламасы, еліміздің экономикасы, әлемдік аренадағы білім деңгейіміз сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар жастардың еліміздегі реформалар мен жаңаруларға қандай үлес қоса алатынына назар аударды.

        Экономикалық дамудың жаңа бағыттары, білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктер айтылды. Сонымен қатар, әлемдік аренадағы Қазақстанның рөлін арттыру үшін қандай қадамдар жасау керектігі жайында пікірлер білдірілді. Дөңгелек үстел жастардың елдің дамуына қосатын үлесін түсініп, болашаққа сеніммен қарайтынын көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: