Мектебіміздің Зерек дебат клубының оқушыларыымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің Зерек дебат клубының оқушыларыымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті.
19
наурыз
2025

Мектебіміздің Зерек дебат клубының оқушыларыымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті.

        «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дөңгелек үстел «Жаңа Қазақстанды құрудың механизмдерін ұсыну» тақырыбында өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – жастар мен қоғам қайраткерлері арасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын талқылап, жаңа реформалар мен инновациялық идеяларды ұсыну болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстанның даму жолындағы басты бағыттарды айқындап, мемлекетіміздің жаңа кезеңде қандай жетістіктерге қол жеткізуі қажет екенін қарастырды. Олар қоғамдағы өзгерістер мен жастардың рөлін, білім беру мен экология саласындағы реформаларды талқылады. Ұсыныстар:1.Жастардың қоғам өміріне белсенді қатысуын арттыру үшін, білім беру жүйесін жаңғыртып, инновациялық жобаларға қолдау көрсету қажет.                 

   2. Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасында серіктестік орнатып, өзара іс-қимылды күшейту, азаматтық қоғамның дамуына септігін тигізеді. 

                             3. Экология мен экономика саласындағы «Жасыл экономика» концепциясын дамыту,  экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға мүмкіндік береді.

    

Дөңгелек үстел барысында білім, ғылым және мәдениет саласындағы даму мәселелері де кеңінен талқыланды. Жастарды біліммен қаруландыру, ғылым мен технология саласында инновацияларды енгізу, мәдениетімізді жаңғырту арқылы Қазақстанның болашағы жарқын болатыны туралы пікірлер айтылды. Қатысушылар қазіргі білім беру жүйесін жаңғырту және ғылымға арналған мемлекеттік қаржыландыруды арттыру қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық мәдениетті дамыту мен жастардың шығармашылық қабілеттерін қолдаудың маңыздылығы да сөз болды.  Мектебіміздегі Зерек дебат клубының оқушыларының арасында өткен бұл іс-шара жастардың пікірталас мәдениетін дамытуға, жаңа идеялар мен пікірлерді еркін жеткізуге ықпал етті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: