Мектебіміздің оқушылары «Алматы қаласы бойынша таңғы жаттығуға»
2025 жылғы 23 мамыр күні сағат 10:00-де Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясының оқушылары «Алматы қаласы бойынша таңғы жаттығуға» белсенді түрде қатысты. Бұл іс-шара Спорт күніне орай ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Шара барысында оқушылар дене жаттығуларын белсенді орындап, өздерінің физикалық дайындықтарын көрсетті. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде грек-рим күресінің 2023 жылғы Әлем чемпионы Жолдыхан Ердәулет қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп,