Мектебіміздің оқушылары «Алматы қаласы бойынша таңғы жаттығуға» белсенді түрде қатысты. » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің оқушылары «Алматы қаласы бойынша таңғы жаттығуға» белсенді түрде қатысты.
23
мамыр
2025

Мектебіміздің оқушылары «Алматы қаласы бойынша таңғы жаттығуға» белсенді түрде қатысты.

2025 жылғы 23 мамыр күні сағат 10:00-де Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясының оқушылары «Алматы қаласы бойынша таңғы жаттығуға» белсенді түрде қатысты. Бұл іс-шара Спорт күніне орай ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Шара барысында оқушылар дене жаттығуларын белсенді орындап, өздерінің физикалық дайындықтарын көрсетті.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде грек-рим күресінің 2023 жылғы Әлем чемпионы Жолдыхан Ердәулет қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп, спортпен шұғылданудың маңыздылығы туралы жылы лебізін білдірді. Бұл шара оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықты нығайтуға және патриоттық рухты қалыптастыруға зор ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: