Ата-аналарға » Страница 8 » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
Хабарландыру📢📢📢  "Ақ қайың" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастайды.
22
мамыр
2023
Хабарландыру📢📢📢 "Ақ қайың" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын
Құрметті ата-аналар және балалар! √13 мектеп-гимназиясында "Ақ қайың" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастайды. Лагерь 05.06-30.06.2023ж күндер аралығында сағат 09:00-15:00-ге дейін жұмыс жасайды. Лагерьдің ашылу салтанаты 05.06.2023ж күні сағат 10:00-де болады. Лагерьдің бағдарламасы: *Таңертеңгілік жаттығу *Таза ауадағы серуен *Спорттық ойындар *Домбыра, сурет салу үйірмелері *Саяхаттар мен экскурсиялар *Әртүрлі сайыстар, көңілді іс-шаралар. ☎️📞 Байланыс номері: +77027842707
«Жасыл мекен» акциясы
19
мамыр
2023
«Жасыл мекен» акциясы
Алматы қаласы Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің оқушылары 19.05.2023ж күні «Жасыл мекен» акциясы бойынша мектеп ауласына ағаш отырғызу ұйымдастырылды. Мақсаты: мектебіміздің алдын көгалдандыру, оқушыларымызды табиғатты аялауға баулу және үлгі көрсету. Оқушылар мектебіміздің алдына шырша ағашын егуге белсене қатысты. Акция экология фракциясының, мектеп президентінің және ДТІЖО Г.К.Сартованың басқаруымен өткізілді.     
Терроризмнің алдын-алу мақсатында оқу-жаттығу шаралары
12
мамыр
2023
Терроризмнің алдын-алу мақсатында оқу-жаттығу шаралары
Алматы қаласы Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында Терроризмнің алдын-алу мақсатында оқу-жаттығу шаралары өткізілді. 8-10 сынып оқушыларына АӘД мұғалімі А.К.Ракимкулов "Терроризмге қарсы іс-қимыл" туралы дәріс оқып, сұрақтарға жауап берді. Оқу жаттығу барысында жарылғыш құрылғыны қалай тануға болады, ланкестік әрекеттер кезіндегі іс-қимылдар және т.б мәселелер қарастырылды. feature=share
"Сөз шеберлері" бағыты бойынша ІІ дәрежелі диплом
05
мамыр
2023
"Сөз шеберлері" бағыты бойынша ІІ дәрежелі диплом
Алматы қаласы Әуезов ауданы √13 мектеп-гимназиясының 9"Ә" сынып оқушысы Байұзақ Алтынай "Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі "Сөз шеберлері" бағыты бойынша ІІ дәрежелі диплом жеңімпазы атанды. Жетекшісі: Кудуркулова Надира  
"Еркін ел ұрпағы" тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант
04
мамыр
2023
"Еркін ел ұрпағы" тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант
Алматы қаласы Әуезов ауданы №13мектеп-гимназиясында 04.05.23ж.күні сағат 11:00-де "Еркін ел ұрпағы" тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант жазды. Диктантты 4-11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері ережеге сәйкес жазып шықты. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. @almatydaryny @almaty_mektepteri @edu.almaty @auezovpoo_ #13мектепгимназия #жалпыұлттықдиктант 
"Ұрпақтарға ұран болған-Ұлы Жеңіс!" тақырыбындағы салтанатты кеш
04
мамыр
2023
"Ұрпақтарға ұран болған-Ұлы Жеңіс!" тақырыбындағы салтанатты кеш
Алматы қаласы Әуезов ауданы √13 мектеп-гимназиясында "Ұрпақтарға ұран болған-Ұлы Жеңіс!" тақырыбында салтанатты кеш өтті. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанды сүюге, оны қорғауға баулу. Ұйымдастырушылар: ДТІЖО мен мектеп тәлімгері @almatydaryny @almaty_mektepteri @auezovpoo_ @edu.almaty #13мектепгимназия #салтанаттыкеш