№2 Педкеңес Тақырыбы: «Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын процесс» » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №2 Педкеңес Тақырыбы: «Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын процесс»
01
қараша
2024

№2 Педкеңес Тақырыбы: «Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын процесс»

№2 Педагогикалық кеңес. Тақырыбы: «Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын процесс»
Қаралған мәселелер:
1.Өткен педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы. 
2. «Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылық элементтерін қолданып, артикуляциялық жаттығулар арқылы сөйлеу тілін дамыту»
3.Электронды журнал. Күнделік kz.  толтырылу барысы.
4. І тоқсанның     білім сапасы мен қорытындысы.
5. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы
6.Инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ролі.
7.Әртүрлі мәселелер.

№2 педагогикалық кеңес шешімі:
  1. Өткен педагогикалық кеңес қаулысының орындалды деп есептеу.
  2. Оқушыларға  ұлттық құндылық элементтерін қолданып,  артикуляциялық жаттығулар арқылы сөйлеу тілін дамыту,  жеке тұлғаның  үздіксіз  жетілдіруін мақсат ету.
  3. І тоқсанның оқу үлгерімі  қорытындысы бойынша  білім сапасын қанағаттанарлық деп есептеу. Сапасы төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптармен жұмысты жандандыру. 
  4. «Күнделік KZ.» электронды журналы уақытымен талапқа сай толтырылсын.
  5. 5.1.1-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың   алдын алу жұмыстарын жүргізуде жеке тұлғаның құқығын сақтау нормаларын басшылыққа алып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылсын.
    5.2.Ерте жүктіліктің алдын алу бағытында жасалған жұмыстар мақсатына жету жолында әрбір сынып жетекшісі өз іскерліктерімен, шеберліктерімен әдістемелік талапқа сай әрекет етсін. Сынып жетекшілер 7-11 сынып қыздарымен жүргізілетін жұмыстарды жүргізуде жұмыс формаларын түрлендірсін.
    5.3. Қыз балалармен жүргізілетін жұмыстар   қатаң бақылауға алынсын. Жауапты: сынып жетекшілері
    Жауапты: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: