Тілге құрмет - елге құрмет » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қыркүйек
2024

Тілге құрмет - елге құрмет

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында физика-математика бірлестігінің ұйымдастыруымен “Тілге құрмет - елге құрмет” атты 7-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. 
Іле таңы газетінің тілшісі Қанат Диана оқушылармен жүздесіп,қазақ тілінің мәртебесін көтеру-Елге,Туған жерге құрметтен басталатындығы туралы ойымен бөлісті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тіліміздің қаншалықты құнды екендігі жайлы пікір алмасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: