10 "А" сынып Ұлы жеңіске 75 жыл » КГУ «Школа-гимназия №13» УО города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 303-45-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
мамыр
2020

10 "А" сынып Ұлы жеңіске 75 жыл

10 «а» сынып жетекшісі Қойшиева Света Энгельсовна 2020 жылдың 5 мамырында оқушыларымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ» тақырыбында қашықтықтан сынып сағатын өткізді. Мұғалімнің мақсаты жас ұрпаққа терең білім, өнегелі тәрбие бере отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру болды. Сонау отты жылдардан Жеңіс оңайлықпен келген жоқ, Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының тарихында ерекше есте қалды. Бұл соғысқа әрбір бесінші қазақстандық аттанып, қаншама қандастарымыз ұрыс даласында мерт болды. Олардың өшпес ерліктері тарихта алтын әріппен жазылды. Ұлы Отан соғысы туралы қаншама шығармалар жазылып, кинолар түсіріліп жатса да, оның тарихына еш уақытта нүкте қойылған емес. Отан үшін жанын пида еткен аталарымыздың ерліктері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Тарих пәнінің мұғалімі болғандықтан, "мен оқушыларды өз елін сүйетін, ата-бабаларының өшпес ерліктерін қастерлейтін, өз ой-пікірі мен патриоттық сезімін қалыптастыратын тұлғаны тәрбиелеу тікелей міндетім деп есептеймін"- деді апай. Оқушылар да осы тақырыпта көп ізденіп, жасаған еңбектерінен өз өлкесін, тұрған жерін танып, үлкен тағылым алғанын көрсетті.
#Ұлыжеңіске75жыл
#13мектепгимназиясы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: