«Қамқор» жобасы аясында «Жасыл мектеп» және «Оқу кабинеттерін тазалау» акциялары ұйымдастырылды.
2025 жылдың сәуір айында Алматы қаласы, Әуезов ауданы №13 мектеп-гимназиясында «Қамқор» жобасы аясында «Жасыл мектеп» және «Оқу кабинеттерін тазалау» акциялары ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 5–11 сынып оқушылары белсене қатысты.Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларға тазалық мәдениетін сіңіру, қоршаған ортаны және оқу орнын ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік пен ұйымшылдықты арттыру болды.
Шара барысында әр сынып өзіне бекітілген оқу кабинеттері мен мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, оқу ордасының көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, сынып жетекшілер мен тәлімгерлер экологиялық тәрбиеге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұндай акциялар жас ұрпаққа тазалықтың, тәртіптің және жауапкершіліктің маңызын ұғындырып, мектеп м
әдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
