20
ақпан
2025
Мектебімізде «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтті
«Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасыАлматы қаласы Әуезов ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Полиция лейтенанты Абдеш Багдат Күмісбекұлы және полиция лейтенанты Чадаева Азиза Бахтияровна №13 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға:
- жолда абай болудың;
- жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың;
- жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдерді жолда жүру мәдениетіне бейімдеп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақыру. Сондай-ақ, іс-шара аясында балалардың жолда жүру мәдениетін арттыру, ұялы телефонды қолдану кезінде мұқият болу және жол қауіпсіздігін сақтау туралы маңызды кеңестер берілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін білдірді.